Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдарияда құрылыс жұмыстарының көлемі 12 есеге ұлғайды

Сырдарияда құрылыс жұмыстарының көлемі 12 есеге ұлғайды

Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша Сырдария ауданында бөлшек сауда айналымының нақты көлемі 643,2 млн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,5 % құрады.

2019 жылдың 1 шілдесіне 2200 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелді. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік нысандарының саны 1969 болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19 % өскен.
Жұмыспен қамтылған адам саны 5294 болса, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелгендерге үлесі 89,5 % құрап, жыл басымен салыстырғанда 1,4 % артты.
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айында аудан экономикасына 32918,0 млн теңге негізгі капиталға инвестиция тартылып, 144,3 % ұлғайды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 12 есеге көбейіп, 11383 млн теңгені құрады. 2019 жылдың 6 айында 6794 шаршы метрге тұрғын үй салынып, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,5 % өсті.
Жыл басынан бері аудан бюджетінің түсімдері 5598,3 млн теңгеге немесе 101,3% орындалды. Оның ішінде өз кірістердің жоспары 101,9 % орындалып отыр.
Аудан бюджетінің шығындар жоспары ағымдағы кезеңге 100 % орындалды. Тиісті кезеңде аудан бюджеті 100 % игерілді.
23 шілде 2019 ж. 293 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области