Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бірінші жартыжылдықтағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

Бірінші жартыжылдықтағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

Kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша айына 71266 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылғы I тоқсанымен салыстырғанда 15,9%-ға өскен.

Осы кезеңдегі тұтыну тауарлары мен қызметтері бағасының 4,9%-ға өсімі кезіңде халықтың нақты ақшалай табыстары 10,5%-ға жоғарлады.
Биылғы алғашқы тоқсанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 16,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 8,6 мың адамды құраған.
Сонымен қатар бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 134129 теңгеге тең.
Тұтыну бағаларының индексі өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 102,5% құрап отыр. Азық-түлік тауарларына бағалар 5,6%-ға, азық-түлік емес тауарларына – 2,2%-ға өсті, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер – 1,1%-ға төмендеді.
Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары былтырғы жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 113,4%-ға жоғарылаған.
Биылғы жылдың алты айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 180235 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 есеге көбейді.
Ағымдағы жылдың 1 шілдедегі тіркелген заңды тұлғалар саны 10433 бірлікті құраса, оның ішінде 10077 бірлік 100 адамнан аз қызметкерлері бар. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 7826, оның ішінде шағын кәсіпорындар – 7470 бірлік.
Сауда саласы бойынша нақты көлем индексі 101,4%. Бөлшек сауда көлемі 139892,0 млн теңгені немесе өткен жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда 101,0 % құрады.
2019 жылғы қаңтар-маусымда көтерме сауда көлемі 77279,0 млн теңгені құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылы 101,3% көрсеткен болатын.
Ал биыл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 443651,6 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 2018 жылғы деңгейден 9,0% кеміді. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 9,3%, өңдеу өнеркәсібінде 8,2% кемісе, электрмен жабдықтау, газ, бу және ауа баптауда өсім 22,7% құрады.
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымда ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 21301,4. млн. теңгені құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 2,3% арттық болды.
2019 жылғы қаңтар-маусым «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,3%-ды құрды.
2019 жылғы қаңтар-маусымда жүк айналымының көлемі 6420,5 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2018 жылғы қаңтар- маусыммен салыстырғанда 8,3% жоғары. Жолаушылар айналымының көлемі 3383,6 млн. жкм құрап 2,6% артты.
2019 жылғы I тоқсанда жұмыс істейтіндердің саны 100 адамнан асатын кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі пайда ретінде 57320,3 млн. теңге сомасында қалыптасты. Пайдалылық (залал) деңгейі 51,7%-ды құрады. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындар үлесі 34,3%-ды құрады.
16 шілде 2019 ж. 344 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области