Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Мектепке жол» акциясы неге өзгерді?

«Мектепке жол» акциясы неге өзгерді?

Kyzylorda-news.kz. Биылдан бастап «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына біршама өзгерістер енгізілген. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова аталмыш акцияның интернет-порталының таныстырылымында айтып берді.

«Білім және ғылым министрлігі 2008 жылдан бастап, жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын жариялайды. Әдетте науқан тамыздың басында басталып, 30 қыркүйекте аяқталатын. Биыл Президент тапсырмасымен ертерек басталды. 3 шілдеден бастап, өңірлер мен түрлі ұйымдарға акцияға дайындықты бастау туралы хат жібердік», - деді вице-министр «IQ Coworking» орталығында «Мектепке жол» акциясының интернет-порталының таныстырылымында.
Екіншіден, «Мектепке жол» акциясы оқу жылы қарсаңында ғана емес, жыл бойы жүзеге асырылады.
«Сонымен бірге, дәстүрлі механизммен қатар интернет-алаң құру үшін «Менің атамекенім» бірлестігіне жүгіндік. Бұл ұйым Арыс тұрғындарына көмек көрсетуде өте тиімді жұмыс істеді. Яғни, кімнен қанша қаражат түскенін, әр тиынның қайда жұмсалғанын электронды түрде ашық көрсетіп отырды. Бұдан былай, atamekenim.kz порталы арқылы көмекке мұқтаж ата-аналар «Мектепке жол» акциясына онлайн-өтінім бере алады. Олардың өтінімі министрліктің тізімімен салыстырылады. Яғни, шын мәнінде мұқтаж жандар есебінде тұрған отбасыларға көмектесеміз. Көмек көрсеткісі келетін ұйымдар мен жеке тұлғалар да осы платформа арқылы онлайн қаражат аударып, оның қайда жұмсалғаны туралы есеп ала алады. Осылайша, «Мектепке жол» науқанын жыл бойы ашық, әділ түрде жалғастыра береміз», - деді Бибігүл Асылова.
Вице-министрдің айтуынша, «Атамекен» республика кәсіпкерлерін біріктіріп отыр. «Мектепке жол» акциясына қатысу арқылы отандық өндірушілер өздерін таныта алады. Отандық мектеп формасын тігушілер, аяқ киім зауыттарының тауарлары сатып алынады.
Сондай-ақ, тұрақты интернет-алаң арқылы тұрғындардың бойында қайырымдылық көрсету мәдениетін қалыптастыруға болады.
«Цифрландыру арқылы көрсетілген материалдық көмектің ашық, әділ бөлінуіне қол жеткіздік. Жақын арада білім беру ұйымдарына демеушілік, қайырымдылық көмек көрсету толығымен автоматтандырылған режимге көшеді. Басқа салалар да біздің жобаны үлгі ретінде қолдана алады», - деді Б.Асылова.
Айта кетейік, Қазақстанда 12 жыл бойы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіліп келеді. Акция барысында әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармайтын балалар анықталады және халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтағы балаларын мектепке дайындау бойынша көмек көрсетіледі.
25 шілде 2019 ж. 504 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области