Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшыда 50 млн теңге тұратын құс фабрикасы салынып жатыр

Қармақшыда 50 млн теңге тұратын құс фабрикасы салынып жатыр

Kyzylorda-news.kz. Құс фабрикасын 2019 жылы іске қосу жоспарланған. Кәсіпорынның іске қосылуы ауданда азық – түлік өндірісін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, жем дайындауға, қажетті дақылдар егу көлемін арттыруға, осылар арқылы егін шаруашылығын әртараптандыруға өз ықпалын тигізетін болады.

«Байқоңыр» ӘКК ҰК АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен жобаны қаржыландыру мәселесі бекітілді. Осы шешім негізінде «Қармақшы - құс» ЖШС Біріккен Кәсіпорны құрылды.
«Жобаның ЖСҚ әзірленіп, сараптама қорытындысы алынды. Жобаның жалпы сметалық құны 1млрд 978,2 миллион теңгені құрайды. 2018 жылы облыстық бюджеттен («Байқоңыр» ӘКК ҰҚ) жобаны іске асыруға жоспарланған 558,6 миллион теңгенің 458 миллион теңгесі бөлініп, бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта әкімшілік және бақылау-өткізу пунктінің ғимараттарының құрылысы, алты құс цехының ірге тасы қаланып, инкубациялық цехтың құрылыс жұмыстары 95 пайызға орындалды. Құс фабрикасының аумағы толық қоршалды», - делінген аудан әкімі баспасөз қызметінің таратқан мәліметінде.
Құс фабрикасына қажетті инфақұрылым жеткізу бойынша 2018 жылы ЖСҚ- әзірленіп, бюджеттік өтінімдер тапсырылды. Сұратылған қаржының 2019 жылы облыстық бюджеттен 50 миллион теңгесі бөлінген.
25 шілде 2019 ж. 333 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области