Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ақшаны қалай үнемдеуге болады?

Ақшаны қалай үнемдеуге болады?

Қалтаңыздағы қаржыны үнемдеу үшін мамандар алдымен күнделікті шығындарға мән беруге шақырады, «Хабар 24».
Мысалы, қазір тұрғындардың көбі тамақ пісіргенде бөтелгедегі суды пайдаланады. Өз денсаулығыңызды күткен жақсы әрине. Бірақ күнделікті 200-300 теңгегеге литрлеп су алғанша, арнайы фильтр орнатқан әлде қайда тиімді. Фильтр алып жылына 60-80 мың теңге үнемдей аласыз. Тағы бір қызық дерек. Әрбір орташа деңгейдегі отбасы дүкеннен алған азық-түліктің 25% қоқысқа тастайды. Сондықтан психологтар супермаркетке шықпас бұрын керек заттардың тізімін жазып және тамақтанып алуға кеңес береді. Себебі ашқарынға дүкенге барған адам, тоқ адамға қарағанда ақшаны 15-20% көп жұмсайды. Сонымен қатар, мамандар танымал брендтердің киімдері мен қымбат көліктер алғанда да сақ болуға шақырады. Қазақстандықтар әсіресе жол талғамайтын көліктерге әуес. Бірақ көп жағдайда қымбат көлік иелері қала аумағынан шықпайды. Мұндай темір тұлпарларға қызмет көрсету жүйесі қымат, салық көп болады. Сондықтан «ақша үнемдеудің тағы бір жолы көлемі шағын көліктер алу» дейді мамандар.
Биыл шілденің басында «Шағын және орта бизнес үшін салықтық рақымшылық» бағдарламасына 40 мыңға жуық салық төлеуші қосылды. Олар салық бойынша 7,6 млрд теңге негізгі қаразын өтеу арқылы бағдарламаға ілікті. Мемлекеттік кіріс комитетің хабарлауынша, бұл салық төлеушілердің 2 млрд теңгеден астам өсімпұлы және 180 млн теңгеден астам айыппұлы есептен шығарылды. Дегенмен елімізде әлі де салықтан жалтарып жүргендер аз емес. Барлық берешектердің жартысына жуығы ҚҚС-қа тиесілі. Берешектердің көбі құрылыс, көтерме және бөлшек сауда және қызмет көрсету салаларында тіркелген. Салықтық қарызы ең көп тіркелген шағын және орта бизнес субъектілері еліміздің үш өңірінде шоғырланған. Олар Алматы (13,5%), Шымкент қалалары (13,4%) және Қарағанды облысы (13,8%).
ЕАЭО-да жеке тұлғаларға ҚҚС төлеу бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Бірақ жаңашылдықтарды тек шетелдік туристер ғана пайдалана алады. Бұл туралы LS агенттігі хабарлады. Әзірге Мемлекеттік кіріс комитеті тиісті құжатты талқылауға шығарды. Оған сәйкес, tax free 2019 жылдың 15 тамызынан бастап 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін сатып алынған және мемлекет шекарасынан шығарылған тауарларға таратылады. Пилоттық жоба аясында ЕАЭО аумағынан тыс мемлекеттерге тауар шығарған кезде шетелдіктерге ҚҚС бойынша өтемақы қол жетімді болады. Бірақ тауарларды одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тасымалдағанда мұндай жеңілдіктер жүрмейді. Егер алынған тауарлардың құны 20 АЕК-тен немесе 50500 теңгеден көп болса, кәсіпкерлер сатып алушыға tax free чегін толтырып беруге міндетті. Ал сатып алушылар қолында түбіртегі болса, taxfree чегін толтырып беруді талап етуге құқылы. Мұндай әрекетер сауда жасалған күні орындалуы тиіс.
27 шілде 2019 ж. 489 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области