Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТУҒАН ЖЕРІН ТҮЛЕТУ – АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ

ТУҒАН ЖЕРІН ТҮЛЕТУ – АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ


    Кеше Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Туған жерге тағзым» форумына келген Сыр перзенттері БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Оған академик, ғалым, физика-математика ғылымының докторы, профессор Асқар Жұмаділдаев, журналист, республикалық "Қазақстан-заман" газетінің бас редакторы, Қазақстан жазушылар одақтарының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері Ертай Айғалиев, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне арналған республикалық госпитальдың бас директоры Жеткерген Арзықұлов, актер, ҚР Еңбек  сіңірген қайраткері Ғани Құлжанов, әнші Жеңіс Ысқақова, «Нұрай» ЖШС директоры Сейітқали Алшынбаев,  «Абзал және К» толық серіктестігінің директоры Марат Сәрсенбаев қатысты.
    Олар аймақтағы оң өзгерістерді жоғары бағалап, облыс басшылығының еңбегіне алғыстарын білдірді.
    Баспасөз мәслихатында академик Асқар Жұмаділдаев, республикалық "Қазақстан-заман" газетінің бас редакторы Ертай Айғалиев, білім саласының өркендеуіне үлес қосы келе жатқан белгілі меценат Сейітқали Алшынбаевтар ел алдындағы азамат парызы жайлы ой қозғап, Сыр перзенттерін туған жерін түлетудегі бастамаларға үлес қосуға шақырды.
    Брифинг соңында қонақтар БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, өзара пікір алмасты.  

14 желтоқсан 2017 ж. 860 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области