Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аудан активіне жаңа басшы таныстырылды

Аудан активіне жаңа басшы таныстырылды

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен аудан активінде Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Батыс аймағы бойынша ауданаралық басқармасының жаңа басшысы таныстырылды.

Басқосуға арнайы қатысқан Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ермек Тіленов бұл қызметке жаңа тағайындалған Ерболат Әліпбаевты таныстырды.
Мұрат Ергешбаев жаңа қызметке тағайындалған Ерболат Әзімжанұлының жұмысына сәттілік тілеп, бұған дейін ауданға еңбек еткен Сәруар Кенжебековке алғыс айтты.
«Ауданда 3 жылдан астам уақыт жұмыс жасаған Сәруар Бегалдинұлына алғыс айтамын. Осы уақыт аралығында аудандағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тосқауыл қою бағытында көптеген жұмыс атқарды. Алдағы уақытта жаңа қызметіңізді абыроймен атқаратыныңызға сенім мол», – деген аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы «Алғыс хатпен» марапаттады.
05 тамыз 2019 ж. 316 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области