Сәрсенбі күнгі ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. Жоғары атмостфералык кысым аумағының ықпалынан және оңтүстік құрғақ циклонның әсерінен 7 тамыз күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың тек солтүстігінде, солтүстік-батысыңда және орталығында Мурманск ауданынан келген солтүстік-батыс циклонның әсерінен кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жекелеген өңірлерде желдің күшейюі, дауыл, шаңды дауыл және бұршақ күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
![](https://syr-media.kz/uploads/posts/2019-08/1565151808_7pogoda1.jpg)
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, дауыл тұрады. Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында бұршақ жаууы мүмкін.
Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артып, шаңды дауыл күтіледі.
Қостанай облысында, күндіз Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысында, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Ал Алматы облысында өте қатты ыстық болатыны болжанады.
Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.