Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 8 тамыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

8 тамыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Халықаралық альпинистер күні
1786 жылы дәл осы күні Альпі шыңы бағындырылды. Швейцариялық дәрігер Мишель-Габриэль Паккард (Michel Gabriel Paccard, 1757-1827) пен тау серігі Жак Бальма (Jacques Balmat, 1762-1834) 1786 жылдың 8 тамызында ең бірінші болып теңіз деңгейінен 4810 метр биіктіктегі Альпі тауының ең жоғарғы нүктесі - Монблан шыңына шықты.

1899 жылы американдық өнертапқыш Альберт Маршалл тоңазытқышты патенттеді. Олар негізінен бөлек сатып алынған мұздың есебінен жұмыс істеді. Алғашқы отбасылық тоңазытқыштарға ағаштар, көмірлер мен керосин көп пайдаланылды. 1911 жылы «Дженерал электрик» фирмасы анағұрлым заманауи тоңазытқыштарды шығара бастады. Дегенмен олар газда жұмыс істегеннен кейін қатты гуілдеп, жаман иіс шығаратын болды. Бұл оның басты кемшілігі болды.

1926 жылы жылы дат инженері Стиндруп шуылсыз және иісі жоқ тоңазытқышты ойлап шығарды. Осыдан кейін бұл тоңазытқыш Америкада тез арада ең қажетті тұрмыстық құралға айналды. Шыны керек, алғашқы тоңазытқыштар «Форд» көлігінен екі есе қымбат тұрды. Оларды «тұрмыстық суық фабрика» деп атады. Ал олардың жаппай шығарылымы тек 1960 жылдары ғана игерілді.

2002 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

2008 жылы Бейжіңде ХХІХ Олимпиада ойындарының ашылуы өтті.

2013 жылы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының (МЖЗҚ) базасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) құрылды. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында да жеке жинақтаушы шоттар жүйесі сақталды.
08 тамыз 2019 ж. 432 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области