МƏҢГІЛІК ЕЛДІҢ - БАҚЫТТЫ ҰРПАҒЫМЫЗ
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында "ҚазҒарыш Сапары" мәжіліс залында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы және "Ашық Азаматтық Қоғам" ақпараттық- ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 16 тәуелсіздік мерекесіне орай "Мəңгілік елдің - бақытты ұрпағымыз" тақырыбында әлеуметтік конференция өтті.
Шараға жас мамандар, белсенді жастар, "Нұр Отан" партиясы Байқоңыр қалалық филиалы өкілдері қатысты. Қала мектептерінен қатысқан жас мамандар А.Есенгелдинова,, С.Әлімбаев, Б. Кенжалиева мен Ш.Құрмаш, академик Жиенқұлов атындағы Байқоңыр қалалық колледжінің белсенді студенті Н.Тұрсынбай, облыстық "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" Байқоңыр қалалық бөлімшесінің маманы Н.Күнмырза тақырыпқа орай баяндама жасап, рухани жаңғыруға жастардың қосар үлес жайлы айтып өтті.
Конференция барысында тимбилдингтік ойындар өткізіліп, белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.