ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы және "Ашық Азаматтық Қоғам" ақпараттық-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен академик С.А.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр қалалық колледжінде "Латын әліпбиіне көшу - заман талабы, болашақтың жарқын кепілі" тақырыбында кездесу өткізілді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру аясында өткізілген кездесуге облыстық ішкі саясат басқармасы Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Бақытова,"Нұр Отан" партиясы Байқоңыр қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Дәуленбаев, "Жастар ресурстық орталығы" Байқоңыр қалалық бөлімшесінің аға кеңесшісі И.Қабатова қатысып, латын қарпіне көшудің маңыздылығын түсіндірді.
Колледжде білім алып жатқан студенттер мен жас мамандар әлемге есік ашатын бастама жайлы ойларын білдіріп, сауалдарын жолдады.