Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Медициналық сақтандыру қорына қызылордалықтар 5,6 млрд. теңге аударды

Медициналық сақтандыру қорына қызылордалықтар 5,6 млрд. теңге аударды

Kyzylorda-news.kz. Шілде айында түскен сақтандыру жарнасының көлемі 276,3 млн. теңгеге жетті, - деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев.

2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 шілдеге дейінгі аралықта Қорға 5,6 млрд. теңге түсті. Аударымдар жүйе іске қосылған алғашқы жарты жылда өзі үшін жарна төлеуге міндеттелген жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде еңбек ететін тұлғаларға, сондай-ақ жұмыс берушілерге тиесілі.
Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 96,8% немесе 5,4 млрд. теңгесін жұмыс берушілер, қалған 3,2% немесе 175,2 млн. теңгені – жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санат аударған.
Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ.
13 тамыз 2019 ж. 352 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области