Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 15 тамыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

15 тамыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Археолог күні
Археология - тарих ғылымының көне дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы. Археология термині жыл санауға дейінгі 4 ғасырда көне заманды зерттейтін салаға қатысты қолданыла бастағанымен, археологиялық ғылыми зерттеулер Еуропада Қайта өрлеу дәуірінде ғана жүргізілген.

1996 жылы Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында қазақтың ұлы ақыны, философы, ағартушы Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіш ашылды.

2001 жылы Қазақстан Республикасының астанасын кешенді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Жапония ынтымақтастық агенттігінің зерттеуші тобы әзірлеген Астана қаласы бас жоспарының жобасы бекітілді.

2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында жеңіл атлет Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Қазақстан қоржынына төртінші қола медальді салды. Бұл сайыста алтын жүлдені колумбиялық Катрин Ибаргуэн (15,17м) алды. Күміс жүлде венесуэлалық Юлимар Рохасқа (14, 98м) бұйырды. Ал Лондон Олимпиадасының чемпионы қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова 14. 74 м көрсеткішпен үшінші орынға тұрақтады.
15 тамыз 2019 ж. 302 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области