6 тамыз: Ел ішінде орын алған оқиғалар

1969 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен «Неке және отбасы» Кодексі бекітілді.
1999 жылы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Қазақстан Республикасының патент заңы», «Жер астында және ашық жерде, аса зиянды және ауыр жұмыс жағдайында жұмыс істейтін тұлғаларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы» және «Қазақстан Республикасының «Шағын кәсіпкерлікті мемлкеттік қолдау туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдары жарияланды.
2012 жылы Лондонда ХХХ жазғы олимпиада ойындарында жеңіл атлетика жарысында әйелдер арасында үш қарғып секіруден қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова үздік өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.