Қызылордалық жеңіл атлет халықаралық жарыстың қола жүлдегері атанды
Kyzylorda-news.kz. Польша мемлекетінің Быдгощ қаласында жеңіл атлетикадан əлемдік Гран-при сериясының халықаралық біліктілік жарыстары аяқталды.
Алғашқы мəрте ұйымдастырылған жарыста қызылордалық жеңіл атлет, ҚР халықаралық дəрежедегі спорт шебері Қолғанат Бақберген ұзындыққа секіруден қола жүлдені иеленді. Жарысқа 36 елден 300-ден аса спортшы қатысты.
Қолғанат Бақберген үстіміздегі жылдың тамыз айында Парижде өтетін əлемдік Гран-при сериясының біліктілік халықаралық жарысына жəне қыркүйек айында Ақтөбеде өтетін ҚР паралимпиялық ойындарға қатысады.
Айта кетейік, ҚР паралимпиялық команда құрамында Сыр спортшысы ғана өнер көрсетті.