Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 18 тамыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

18 тамыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Қазақстан Республикасы Шекара әскерінің құрылған күні

1992 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына сәйкес, Шығыс шекара округі негізінде Қазақстан Республикасы Шекара әскері құрылды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының шекара әскерлері туралы» Жарлығы шықты.
1992 жылы Бельгия Корольдігі мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

2004 жылы «Қазпошта» АҚ қоғамның 10 жылдық мерейтойына орай Қазақстан аумағында пошталық төлемнің жаңа мемлекеттік белгісін айналымға енгізді.

2010 жылы ҚР Ұлттық банкі айналымға 500 теңге номиналды «Отау көтеру» монетасын шығарды. Монетаның оң жақ бетінде, (аверс) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының гербі бейнеленген. Төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін «500 теңге» жазуы бар. Оң және сол жақ секторларында ұлттық орнамент элементінің айналық бедері орналастырылған. Айнала «Қазақстан Республикасы» және «Республика Казахстан» жазулары бар. Монетаның қарсы жақ бетінде (реверс) «Отау көтеру» ұлттық салт-дәстүрінің көрінісі бейнеленген. Төменгі жағында мемлекеттік тілде «Отау көтеру» жазуы айналдыра жазылған. Ең төменгі бөлігінде монетаның соғылған жылын білдіретін «2010» саны бар. Оң жағында - Қазақстан монета сарайының тауарлық белгісі мен монетаның дайындалған металын, сынамасы мен салмағын білдіретін - «Ag 925 31,1 gr» таңбасы бар. Монета 925 сынамалы күмістен әзірленген, салмағы - 31,1 грамм, диамертрі - 38,61 мм, дайындалу сапасы - «proof», 4 мың данамен шығарылды.

2016 жылы Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиада ойындарында 69 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен боксшы Данияр Елеусінов Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль салды. Осылайша Қазақстан қатарынан төртінші Олимпиадада осы салмақта алтынды уысынан шығармай келеді. Бұған дейін 2004 жылы Афинада Бақтияр Артаев, 2008 жылы Бейжіңде Бақыт Сәрсекбаев, 2012 жылы Лондонда Серік Сәпиев дәл осы салмақта жеңіс тұғырына көтерілген болатын. Бокс тарихында бір елдің боксшылары төрт Олимпиада қатарынан бір салмақта атой салғаны екінші рет қана қайталанып тұр.
18 тамыз 2019 ж. 407 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области