Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2 наурыз:Атаулы күндер мен оқиғалар

2 наурыз:Атаулы күндер мен оқиғалар

1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясының пленарлық мәжілісінде Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке кірді. Шешім дауысқа салынбай, бірауыздан мақұлдау негізінде қабылданды. Қазақстан Республикасы БҰҰ-ға мүшелікке қабылданғаннан кейін, бірден Тынық мұхит және Азия аймақтары Экономикалық және Әлеуметтік Комиссияның мүшелігіне өтті.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құру жөніндегі» Жарлығы жарық көрді. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №856 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысымен «халықтар» сөзі «халқы» сөзімен өзгертілді. 2008 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк ұлттық саясатты iске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттiк және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара iс-қимылының тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесiн, оны қалыптастыру мен жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн айқындайтын «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

1997 жылы Жезқазған аумағына ресей-герман ғарыш экипажы қонды.

2001 жылы Алматыда жастар саясатын дамытатын Мемлекеттік қор құрылды. Ал 2003 жылы Алматы қаласының Жастар үйі ашылды.

2006 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамды саудаға салуға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң жауапкершілікті күшейтуге және қоғамға қауіпті осы іс-қимылдарға қарсы күрестің құқықтық негіздерін жетілдіруге бағыттылған.

2006 жылы Америка Құрама Штаттары 10 долларлық жаңа банкнотты айналымға шығарды. Жаңа ақшаны жасауда ерекше қорғаныс белгілері қолданылды. Атап айтқанда, жаңа банкноттар оң жақта орналасқан ерекшелік белгілермен, Александр Гамильтонның кішірейтілген портретінің қайталамасымен, сондай-ақ, банкноттың қасбетіндегі микромөрлермен қорғалған.

2010 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі номиналы 100 теңгелік «Барыс» монетасын айналымға шығарды. Монетаның бет жағының орталық бөлігіндегі ою-өрнектің аясында Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде «100 ТЕҢГЕ» деген жазумен оның номиналы басылған. Сондай-ақ оның сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монета дайындалған металдың сынамын білдіретін (Ag 925) белгі жазылған, ал оң жағында оның салмағын айқындайтын (31,1 gr) белгі басылған. Мұнымен қоса монетаның сыртқы бетінде тау шатқалының бейнесінде екі барыстың суреті бейнеленіп отыр. Монета 925 сынамалы күмістен дайындалған. Диаметрі 38,67 мм. , таралымы 7000 дана (3 мың данасы еліміздің ішкі нарығы үшін).
02 наурыз 2019 ж. 740 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области