Қызылордада 6 айда 180 миллион жолаушы тасымалданған
Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі таңда Қызылорда облысында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 211 автобус маршруты қатынайды.
Оның 71-і ауданаралық маршрут, 109-ы аудандық және 31-і қалаішілік маршрут болып саналады. Бұл туралы Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Тілеумбетов мәлімдеді.
Осы жылдың 6 айында Қызылордада 180,2 млн. жолаушы тасымалданып, бұл көрсеткіш 1,5 пайызға артқан.
«Шілде айынан бастап халықаралық «Қызылорда-Ташкент-Қызылорда» тұрақты маршруты іске қосылды. Сондай-ақ, жаңа қалааралық облысаралық «Қызылорда-Арал-Ақтөбе», «Әйтеке би-Ақтөбе», «Арал-Әйтеке би-Түркістан» және «Арал-Әйтеке би-Алматы» қатынастары ұйымдастырылып, облыс тұрғындарына тұрақты қызмет көрсетуде»,-дейді Мұрат Тілеумбетов.
Айта кетейік, бүгінгі күнге Қызылорда облысының автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері тізіміне Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 4 автовокзал және 9 автостанса енгізілген.