Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Найзағай, жел, жаңбыр-бұршақ – Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Найзағай, жел, жаңбыр-бұршақ – Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктердің болжауынша, сәрсенбі күні жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл соғуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«21 тамызда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік, орталық, шығыс бөлігінде жауын жауады, солтүстікте кей жерлерлерде қатты нөсер жауады. Кей жерлерде найзағай, жел күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі»,- делінген болжауда.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында дауыл күтіледі, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан, күндіз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Павлодар облысында тұман күтіледі.
Күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Қарағанды облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде, Павлодар облысының солтүстік-шығысында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

21 тамыз 2019 ж. 307 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области