Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада балалардың құқықтарын қорғау мәселесін арнайы мамандар талқылауда

Қызылордада балалардың құқықтарын қорғау мәселесін арнайы мамандар талқылауда

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада тамыз кеңесі аясында өткізілетін секция жұмыстары «Бақытты балалық – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында балалардың құқықтарын қорғау мәселесімен айналасатын мамандардың облыстық пленарлық мәжілісімен басталды.

Оған БҰҰ Балалар қоры балалардың құқықтарын қорғау бағдарламаларының үйлестірушісі Мейрамкүл Әлібекова, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қайрат Бержанов, «Bilim foundation» ҚҚ-ның атқарушы директоры Ерлан Айтмұхамбет, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының инклюзивтік білім беру мәселесі бойынша аға оқытушысы Мөлдір Сейдина қатысты.
Білім саласында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытында негізгі ұстанымы – балалардың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу болып отыр. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасы үлгісіне жақындатылған жағдайлармен қамтамасыз ету, ерекше қолдауды қажет ететін балалардың инклюзивтік білім алуына жағдай жасау қажет. Өмірдің қиын жағдайында қалған балаларға тиісті арнайы әлеуметтік қызмет алуын қамтамасыз ету және тағы да басқа шараларды жүзеге асыру басты бағыт.
Осы міндеттерді орындап, мақсатты жоспарларды жүзеге асыру үшін үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс атқарылуда. Осы орайда, облысымыздың балаларының өмір сүру сапасын жақсарту үшін өз үлесін қосып келе жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорын (ЮНИСЕФ) ерекше атап өткен жөн.
Балалар Қорымен өңірде бірнеше маңызды жобалар сәтті жүзеге асырылды. Атап кетсек, «Кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы», «Заңмен қайшылықтағы балаларға альтернативті әділ сот жүйесін нығайту», «Патронаждық медбикелік қызмет көрсету жүйесі», «Мектептерде зорлық-зомбылықтың алдын-алу және әрекет ету» және т.б. Бүгінгі күні Балалар Қорымен «Балалардың әл-ауқатының мониторингін жасау үшін деректер базасын жасау» жобасы аясында жұмыс жасалуда.
Пленарлық мәжілістен кейін инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мамандардың, ерекше қолдауды қажет ететін балалардың ата-аналарына арналған балалардың құқықтарын қорғау функциясын жүзеге асыратын мамандардың және мектеп психологтарына арналаған секция жұмыстарымен жалғасты.

21 тамыз 2019 ж. 301 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области