Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ауыл жастары мешіт имамына жаңа тұрғын үй салуда

Ауыл жастары мешіт имамына жаңа тұрғын үй салуда

Kyzylorda-news.kz. Арал ауданына қарасты Аманөткел ауылының имандылықты насихаттап жүрген ауыл жастары биылғы ораза айында көптеген қайырымдылық шараларының басынан табылып жүр. Бұған дейін 26 отбасыға 450 000 теңге көлемінде азық-түлектен көмек көрсеткен болатын. Ал бүгінде ауыл мешітінің имамына мешіттің жанынан жаңа тұрғын үй салып жатыр. Жақын арада пайдалануға беріледі. Мұнан бөлек, қайырымдылық шарасы аясында бір үйдің төбесін жаңартып, енді бірінің терезесін жаңалауға көмек көрсеткен жастарға ауыл адамдарының алғысы шексіз.
«Бәріміздің үмітіміз жастарда. Жастайынан жағымды іске әуес болған бала есейіп, ержеткенде елдің перзенті боларына сенеміз. Ауыл үшін аянбай жүрген жастардың қайырымдылығын көргенде көңіліміз көкке жетеді. Алғыс айтып, бата бергеннен басқа айтарымыз жоқ», – дейді ауыл тұрғыны А.Киікбаева.

21 тамыз 2019 ж. 390 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области