Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың кімге үйленгені белгілі болды (видео)

82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың кімге үйленгені белгілі болды (видео)

Kyzylorda-news.kz. Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов 37 жастағы Жадыра Сейдешке үйленді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов Жадыра Сейдешке үйленді. Мұны тойда болған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова растады.
"Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдештің үйленгені рас. Той кеше Алматыда өтті. Оған мен де қатыстым. Той өте керемет өтті. Нұрғали Нүсіпжановтың ең жақын достары болды. Оның ішінде мен де бармын. Оларға тек қана зор денсаулық, бақыт тілеймін", - деді тойда болған белгілі актриса Меруерт Өтекешова.
Нұрғали Нүсіпжановтың таңдаған жары – Жадыра Сейдеш 1982 жылы дүниеге келген. Ол Ұлттық арна, Қазақ радиосы, КТК арнасында көп жыл журналист, тележүргізуші болып істеген. 2015 жылы "Жүрекжарды" авторлық бағдарламасы үшін "Серпер" жастар сыйлығының лауреаты атанды.
Үйлену тойында Жадыра Сейдеш құдай қосқан қосағына жүрекжарды тілегін жеткізді. Видеосын әлеуметтік желіде тележүргізушінің бұрынғы әріптестерінің бірі жариялаған.
"Мен сіздің жан дүниеңіздің тазалығын сыйладым. Сондықтан енді еш уақытта ауырып, мен қорқытпаңызшы. Сүрінбеңізші, құламаңызшы, асқар тауым деп таңдадым ғой. Менің асқар тауым болып, Жамбыл жәкемнің жасынан асыңыз. Мен соған қызмет етемін деп келдім. Енді, сіздің өміріңіз осы торттай тәтті өмір болсын", - деді қалыңдық Нұрғали Нүсіпжановтың қолынан ұстап тұрып.
Сондай-ақ Жадыра халық әртісіне ұрпақ сыйлағысы келетінін де айтты.
"Әдемі жасыңызда әке атансаңыз, оның несі айып? Жақсы адамның артынан ұрпақ қалуы керек. Алладан сіздің қолыңыздан ұстап тұрып, бір ғана тілек тілеймін. Кішкентай ғана Нұрғалиұлы біздің шаңырағымызды шаттыққа кенелтіп, өмірге келетін сол сәбидің тілегімен күн кешейікші. Қашан да мен сізді арқа тұтып, сіз мені медеу етіңіз", - деп сөзін аяқтады ол.
Нұрғали Нүсіпжанов 1937 жылы 5 қаңтарда Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында туған. Ол - Қазақстанның халық әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.
Ашық дереккөздегі ақпаратқа сүйенсек, Нұрғали Нүсіпжановтың бірінші әйелінің есімі – Айгүл. Олар Бибігүл, Алма, Дариға, Нұргүл, Нұрзар атты бес бала тәрбиелеп өсірген.

27 тамыз 2019 ж. 680 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области