Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нұрғали Нүсіпжановтың тойында тоқалы ұл туып беретінін айтқан (видео)

Нұрғали Нүсіпжановтың тойында тоқалы ұл туып беретінін айтқан (видео)

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның Халық әртісі, 82 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов өзінен 45 жас кіші, яғни, 37 жастағы журналист Жадыра Сейдешке үйленгенін хабарлаған болатынбыз. Әншінің су жаңа жары Жадыра Сейдеш үйлену тойында Халық әртісіне ұл туып беретінін айтқан.

"Мен сіздің жан дүниеңіздің тазалығын сыйладым. Сондықтан, көкешім, енді еш уақытта ауырып, мені қорқытпаңызшы. Сүрінбеңізші, құламаңызшы, асқар тауым деп таңдадым ғой. Менің асқар тауым болып, Жамбыл жәкемнің жасынан асыңыз. Мен соған қызмет етемін деп келдім. Енді, сіздің өміріңіз осы торттай тәтті өмір болсын. Әдемі жасыңызда әке атансаңыз, оның несі айып? Жақсы адамның артынан ұрпақ қалуы керек. Алладан сіздің қолыңызды ұстап тұрып, бір ғана тілек тілеймін. Кішкентай ғана Нұрғалиұлы біздің шаңырағымызды шаттыққа кенелтіп, өмірге келетін сол сәбидің тілегімен күн кешейікші. Қашанда мен сізді арқа тұтып, ал, сіз менің медеу тұтасыз. Сондықтан, көкешім, ел-жұртыңыздың алдында сізге шын ниетіммен, адал жүрегіммен денсаулық сұраймын. Өйткені, дастарқанның басында тіленген тілек қабыл болады дейді қазақтың салтында", - деді қалыңдық Нұрғали Нүсіпжановтың қолынан ұстап тұрып.

27 тамыз 2019 ж. 762 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области