30 тамыз: Атаулы күндер мен оқиғалар
23 жыл бұрын (1995) елдің жаңа Конституциясы қабылданды. Ата Заңымызға сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
1920 жылы Жамбыл аймағында телефон байланысы орнатылды.
1944 жылы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің 1944 жылғы шілденің 31-індегі №6279 қаулысына сәйкес түрік, күрд, хемшилдер Қазақстанға жер аударылды.
1993 жылы Алматыда Халықаралық ядролық жарылысқа қарсы конгресс өз жұмысын бастады.
2010 жылы Нұр-Сұлтанда «Қазақ елі» монументі жанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясының 15 жылдығына арналған әскери парад болып өтті.