Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Атырау театрындағы өртте "Алла" деп жазылған газет өртенбей қалған (ФОТО)

Атырау театрындағы өртте "Алла" деп жазылған газет өртенбей қалған (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Атыраудағы Махамбет атындағы академиялық драма театрының ғимаратында болған өрт кезінде Алланың аты жазылған газет қиындысы өртенбей қалған. Аталған газет қиындысын өрт сөндірушілердің бірі тауып алған.

Өртенбей қалған газет қиындысының жоғарғы тұсында Құран кітабы мен тәспінің суреті бейнеленген. Бұл көрнекі сурет Анара Қасымова (Алматы қаласы) авторы ретінде жазылған діни мақалаға берілгені байқалады.
Ал, осы суреттің астында «Кешір, Алла!» атты 7 шумақтан тұратын өлең берілген. Өлеңнің авторы – Маркиза Базарбаева, Алматы қаласынан деп көрсетілген.
Газеттің қалған жарты бөлігінен «Бокс қолғабыңды жоғалтпа, бауырым» деп аталатын мақаланы да көруге болады. Діни мақаланың және аталған өлеңнің авторлары Алматы қаласынан деп көрсетілгеніне қарағанда, бұл республикалық басылым болуы керек.
Өрт сөндірушінің қолынан бұл газеттің қиындысын көрген жергілікті тұрғындар «Алланың құдіреті шексіз екендігін осыдан-ақ көруге болады» деп таңданыстарын жасыра алмаған.
27 тамыз 2019 ж. 674 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области