Ең даукес зодиак белгілері кімдер?
Тоқты
Тоқтылардың эмоциясы ақылдарын басып кетеді. Олар ұсақ-түйек үшін де ұрыса салуы мүмкін. Агрессияға жылдам бой алдырады. Олар өзін келемеждегенді, намыстарына тигенді көтермейді. Бірақ ашуынан тез қайтады.
Торпақ
Олар тұйық. Өзгелерді жеке кеңістіктеріне оңайлықпен кіргізбейді. Эмоцияларын іштерінде ұстайды. Бірақ шыдамдарын шегіне жеткізсе олар өз-өздерін ұстай алмай қалулары мүмкін.
Егіздер
Егіздер туа бітті дипломаттар. Өте эмоционалды тұлғалар. Олар адамдармен араласқанды жақсы көреді. Олар өте кекшіл келеді. Ашуларын кек арқылы алуы мүмкін.
Шаян
Олар өте эмоционалды. Жақындарына қамқорлық жасағанды жақсы көреді. Олар негативті эмоцияға тез бой алдырады.
Арыстан
Арыстандарды эмоционалды, даукес деуге келмейді. Олар өздеріне сенімді. Бірақ оларды ашуландыруға болмайды.
Бикеш
Олар өте ұстамды. Бірақ олар өзгелердің кемшіліктерін кешіре алмайды. Осы қасиеті оларды жанжалға итермелейді. Себебі олар перфекционист.
Таразы
Олар өз эмоцияларын өзгелерге көрсетуге қысылады. Олар өз сезімдерін айтуға ұялады.
Сарышаян
Олар өте даукес. Олар айналасындағылардың бәрін бақылауда ұстағанды қалайды. Сондай-ақ олар өте кекшіл. Оларға қарсы тұру өте қиын. Сол себепті оларды ашуландырмаған абзал.
Мерген
Олардың энергиясы көп. Олар өзгелермен жанжалдасқанды ұнатпайды. Бірақ орнықсыз мінездерінің кесірінен дау-жанжалға көп тап болады.
Тауешкі
Олар қажеттілік болмаса эмоцияларын көрсете бермейді. Ішкі сезімдерін өз іштерінде қалдырады. Оны тек жақындарымен бөліседі. Бірақ әділетсіздікті көрсе шыдап тұра алмайды. Әділдік үшін күреседі.
Суқұйғыш
Олар сабырлы әрі ұстамды. Олар өз эмоциясын басқара алады. Бірақ олар өз идеяларын жанкештілікпен қорғай алады.
Балықтар
Олар жанжалдан алыс жүреді. Оларда дипломатиялық қасиет бар. Сол қасиеттерінің арқасында қоғамда олар өздерін ұстайды. Бірақ олар ашуын жақындарының арасында көрсетеді.