Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жемқорлар туралы ақпарат берсеңіз, 250 мыңға дейін сыйақы төленеді

Жемқорлар туралы ақпарат берсеңіз, 250 мыңға дейін сыйақы төленеді

Kyzylorda-news.kz. Пара алу, жемқорлыққа қатысты әрекетті телефон арқылы хабарласаңыз, сізге ақша төлейді. Биыл 116 адам осындай адалдығы үшін сыйақы алыпты. Бұдан бөлек, қаншама қылмыстық іс ашылып, тергеу шаралары іске асты, деп жазады Stan.kz.

«Сыбайлас жемқорлықты жою. Бірінші қыркүйекке дейін жемқорлықтың деңгейін мейлінше төмендетуге бағытталған реформалар топтамасы дайындалады. Жемқорлық - мемлекеттің дамуын тежейтін кесел. Бұл қоғамдағы өзара сенімге, жалпы мемлекетіміздің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргіземіз», - деді Қ.Тоқаев.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің дерегінше, жемқорлық фактілері, әсіресе, полиция, жергілікті атқарушы орган, білім, денсаулық, әлеуметтік салада белең алған. Мұның бәрі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қоңырау қабылдаудың нәтижесінде анықтала түскен.
«Бірыңғай байланыс орталығына түскен қоңыраулар нәтижесінде жыл сайын қылмыстық істер саны да артып келеді. Мысалы, өткен жылы 32 іс қозғалса, биылғы жеті айдың ішінде 31 іс сотқа дейінгі тергеуге алынды», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров.
Жыл басынан бері жемқорлық әрекеттеріне қатысты 378 қоңырау тіркелген. 15 адам пара алу кезінде ұсталған. Бесеуі сотталған. Сыбайластыққа қатысты тиісті органға хабарласаңыз бір реттік сыйақы төленеді. Бірақ, ол ақшаны іс сотқа жетіп, тиісті шешім шыққаннан кейін алады. Мәселен, әкімшілік іске қатысты жемқорлық әрекетті хабарлағандарға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы беріледі. Яғни, 75 мың теңгедей. Ал қылмыстық істер бойынша 40 және 100 айлық есептік көрсеткіш аралығында төленеді.
«Тек қана сыйақы емес, куәгер болған адамды барынша мемлекет қорғау керек. Қазір мысалы шындықты айтып, жемқорларды көрсеткен адамды кінәлі қылып жіберетін жолдары бар. Сол кезде ғана халық агенттікпен бірігіп жұмыс атқарады. Көбісі өзінің қауіпсіздігі үшін қорқып ақпаратты бермейді», - дейді қоғам белсендісі Азаматхан Әміртай.
Биылғы жылдың өзінде 116 адам осындай қоңыраулары үшін ақшалай сыйақы алған. 17 млн теңгеден аса қаржы жұмсалған.
Егер Сіз пара алу, жемқорлық әрекетінің куәсі, құрбаны болсаңыз 1424 нөміріне хабарласаңыз. Тәулік бойы қоңырау қабылдайды.

28 тамыз 2019 ж. 350 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области