НЗМ: Мұғалімдер оқушыларға психологиялық көмек көрсете ала ма?
Kyzylorda-news.kz. Жаңа оқу жылы қарсаңында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қауіпсіздік техникасы, жарақаттанғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету және оқушылардың психологиялық саулығын қамтамасыз ету бойынша оқу семинары өтті. Курсқа мектептің әкімшілік бөлімі мен педагогтар, кураторлар және оқу-қосалқы қызметкерлер қатысты.
Зияткерлік мектептегі қауіпсіздік ережелері туралы еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі инженері Марат Сатбай баяндап, өрт, жер селкінісі, тасқын орын алған жағдайда қызмектерлердің әрекет ету алгоритімі мен эвакуациялау тәртібімен таныстырды. Сондай-ақ, тындаушылар зертханалық жұмыс жасау барысында, оқушыларды мектептен тыс шараларға алып жүру кезіңде және лаңкестік әрекеттер болған жағдайда назарға алуы тиіс ежелер туралы білді.
Екінші сессияда мектептің медициналық қызметі күйік шалған кезде, электр тоқпен жарақаттану жағдайында алғашқы көмек көрсету бойыша шебер сыныптар өткізді.
Ал мектептің психогтары оқушылар үшін психологиялық қолайлы ортаны қалыптастыру маңыздылығын тоқталып, зияткерлік мектепте білім алушыларды қорғау саясатының мазмұны бойынша түсіндірме жүргізді. Жас жеткіншектерге психологиялық көмек көрсетуде мектеп қызметкерлердің ролін түсіндірді.