Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада өрттен екі бүлдіршінді көршісі құтқарып қалды (ФОТО)

Қызылордада өрттен екі бүлдіршінді көршісі құтқарып қалды (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы «Ақмешіт» шағын ауданындағы №16 тұрғын үйдің №97 пәтерінде өрт оқиғасы орын алды.

Өрттің шығуына балалардың оттықпен ойнауы себеп болған. Құтқарушылар оқиға орнына жеткенше көршісі екі баланы құтқарып, терезеден аман алып шыққан.
– Үйімде шай ішіп отырып көрші үйден кішкентай қыздардың «құтқарыңдар» деп айқайлаған дауыстарын естідім. Сөйтіп, терезе арқылы балаларды құтқаруға кірістім. Ас бөлмемнің терезесі арқылы дүкеннің шатырына шығып, үстел қойып, бірінші кішкентай қызды дүкен шатырына түсірдім, содан кейін екінші қызды терезеден шығардым. Екі қызды көршілерге табыстадым. Олар өрт сөндіруші қызметі мен жедел жәрдем шақыртты. Осы оқиға барысында өзімнің де қан қысымым көтеріліп кеткендіктен оқиға орнына жеткен мамандар медициналық көмек көрсетті, - дейді қыздарды құтқарған Нұрсұлу Паданова.
Бейбіт күннің батыры Нұрсұлу Паданова «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» балалар орталығының дефектолог-маманы. Қауіп-қатер төнген күні өз басын қатерге тігіп, жедел әрекетке көшіп екі бүлдіршінді өрттен құтқарған Нұрсұлу өз отбасында жұбайы екеуі 4 бала өсіріп отыр.
Айта кетейік, өрттен құтқарылған балалардың түтінге улану деңгейін тексеру, оларға ем шара жасау үшін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Балалардың физикалық жағдайлары тексеріліп, үйіне қайтарылған.


04 қыркүйек 2019 ж. 366 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области