Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 5 қыркүйек: Атаулы күндер мен оқиғалар

5 қыркүйек: Атаулы күндер мен оқиғалар

Халықаралық қайырымдылық күні
1997 жылдың 5 қыркүйегінде ұзақ мерзімді дертке шалдыққан калькутталық Тереза ана қайтыс болды. Ол дүйім жұртқа өзінің қайырымдылық әрекеттерімен танылған болатын. Тереза ананың ерен еңбегін ескере отырып, БҰҰ Бас ассамблеясы 5 қыркүйекті Халықаралық қайырымдылық күні деп бекітті.

1933 жылы Алматыда М.Лермонтов атындағы республикалық орыс драма театры ашылды. Бұл Қазақстандағы байырғы, ең үлкен театрлардың бірі. Театр ұжымы алғаш Семейде ұйымдастырылып, кейін Алматыға ауыстырылған. 1964 жылы орыс ақыны М.Лермонтовтың 150 жылдық мерейтойына орай театрға оның есімі берілді.

2001 жылы Павлодар қаласында Мәшһүр Жүсіп мешітінің ашылу салтанаты болды. Мешіт сегіз қырлы, бұл - Дешті Қыпшақтардың сәулет үлгісіне жатады. Оның үстіндегі 8 қырлы жұлдыз - түркі жұртының ортақ рәмізі. Күмбезі - шаңырақ үлгісінде, 4 мұнараның ұзындығы Пайғамбар жасына орай 63 метр. Бір мезгілде 1500 адам намазға жығылуға мүмкіндігі ба.Үлкен залдағы гауһар тасты шамның салмағы 3,5 тонна, биіктігі 16,5 метр, ені 6 метр.

2016 жылы Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайында Алматы қаласының 1000 жылдығы мен ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған алғаш рет «Almaty Mount Fest 2016» халықаралық фестивалі өтті.
05 қыркүйек 2019 ж. 341 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области