Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы №136 мектеп ұжымы Елбасы мақаласын талқылады (ФОТО)

Қызылордадағы №136 мектеп ұжымы Елбасы мақаласын талқылады (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қалалық білім бөлімі мен Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Сыр елі салған сара жол» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Өзгеше форматта дайындалған дөңгелек үстел қонақтары алғашында мектеп тынысымен танысты. Темірбек Жүргенов мұражайын аралап, «Ежелгі Сыр еліне саяхат» көрмесін тамашалады.
Еліміздің рухани дамуына үлесін қосып жүрген Сыр елінің азаматы, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов ұстаздар қауымының қоғамдағы мәртебесі, отбасындағы бала тәрбиесі жайында сөз қозғады.
Мектеп түлегі, белгілі жырау Серік Жақсығұлов қазақтың жыраулық өнерінің бүгіні мен ертеңі туралы сөз етсе, «Ұстаз мәртебесі» газеті, «Әлімсақ» журналының бас редакторы, журналист Нұрлан Көбегенұлымен журналистика саласының қыр-сырымен бөлісті.
Мектеп-лицейінің биылғы оқу жылының басты жаңалығы – Шахмардан Есетов атындағы шахмат сыныбының ашылуы. Шахмат үйірмесіне 2-11 сынып оқушылары қатыса алады.
Оқушылардың бойында ұлттық сананы, әдет-ғұрыпты, мәдени дәстүрлерді берік сақтай отырып, жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту, өз өлкеміздің ұлттық өнерін насихаттау арқылы оқушылардың бойына болашаққа деген сенімді қалыптастыруды мақсат еткен бұл шара өскелең ұрпақ пен аға буын арасында берік көпір орнатудың негізі болды.

13 қыркүйек 2019 ж. 246 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области