Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 18 қыркүйек: Атаулы күндер мен оқиғалар

18 қыркүйек: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бүкіләлемдік суды мониторингілеу күні
Американың Таза су қорының бастамасымен 2003 жылы, адамдардың су ресурстарын ластанудан қорғау туралы хабардар болуы үшін бекітілді.

Халықаралық электронды кітап күні
Электронды кітаптардың, аудиокітаптардың, музыка және видеолардың цифрлық дистрибуциясымен айналысатын OverDrive америкалық компаниясының бастамасымен жыл сайын атап өтіледі. Компания 1986 жылы құрылған болатын.

1975 жылы Алматы облысында Қазақстан нарығында фарфор өнімдерін шығаратын жалғыз кәсіпорын - Қапшағай фарфор зауыты іске қосылды.

1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Министрлер кабинеті жанынан мемлекеттік «Қазақстан» телерадио хабар тарату компаниясын құру туралы Жарлық шығарды. Президент Жарлығымен мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы болып Шерхан Мұртаза тағайындалды.

1998 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Мемлекеттік қызмет академиясы құрылды.

2009 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне қол қойды. Заң денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы жүйелендіруге, оны халықаралық нормалар мен стандарттарға үйлестіруге, ұлттық медицинаның мәртебесін, азаматтарға сапалы медициналық көмек және медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыруға, сапалы дәрігерлік құралдармен, медициналық бұйымдармен және медициналық техникамен қамтамасыз етуге бағытталған.

2016 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы жаңа «Алматы Арена» мұз сарайының ашылуына қатысты. 12 мың адамға арналған мұз аренасы жаңа заман талаптарына сай тұрғызылған теңдессіз нысандардың бірі.
18 қыркүйек 2019 ж. 522 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области