Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Адамда судың жеткіліксіздігі ағзаны өлтіреді

Адамда судың жеткіліксіздігі ағзаны өлтіреді

Kyzylorda-news.kz. Қарапайым суды жеткілікті пайдалану керектігін тұрғындарға күнделікті айта беру керек. Мұндай пікірді «Астана медицина университетінің» ұстазы, медицина ғылымдарының докторы, академигі Ерболат Дәленов айтты.

Қазақстанда жеңіл су туралы алғашқы зерттеуді Қазақ тағамтану академиясы Тамақтану проблемасы инсититуның академигі Ерболат Дәленов жүргізді.
«Осыдан бір жыл бұрын жеңіл судың пайдасы туралы былтыр халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда да айтқан едік. Судың адам өміріне әсері, оның изотопты күйі, ауыр және жеңіл су, минералға бай су т.б. критерийлермен суға қатысты зерттеу жүргізіліп келеді. Қазақстан, Ресей, алыс Еуропа және басқа да шетелдік ғалымдардың пікірімен, біз адам өміріне ең пайдалы су – жеңіл су деген қорытындыға келіп, зерттеу нәтижесінде соған көз жеткіздік. Қазақстанда жеңіл су шығатын көз бар. Міне, осыны зерттеу үшін шетелдік ғалымдар келді, таңғалды. Жеңіл судың адам өмірінің сапасына әсерін зерттеп жатырмыз. Бүгін осы зерттеу барысын айту үшін жиналдық. Әлі тағы көп зерттеу жүргізуіміз керек. Бізде жеңіл су қазір Turan суын айтуға болады. Осы суды күнделікті өмір салтына енгізу керек. Сонда адам денсаулығы жақсарады», - деді ғалым.
Сонымен қатар, академиктің айтуынша, жеңіл судың пайдасы туралы күнделікті айта берген артық етпейді.
«Ең бастысы, бұл зерттеуге ғарышкердің қатысып жатқаны қуантады. Айдын Айымбетовке зерттеу туралы айтқанда, келісті... Жеңіл су деп айтқанымызбен, оны зерттеу «ауырлау» болды. Біз бұған дейін айтып жүрген пайдалы су – тағы айтқым келеді, ол – жеңіл су. Біз Америкада болғанда күнде тісті қалай жуу керек туралы айтады. Иә, біз де жеңіл судың пайдасы туралы айта беруіміз керек. Ең алдымен, «сусыз өмір жоқ», бұл – аксиома. Судың жеткіліксіздігі – ағзаның жұмысын қиындатады, кейін оны өлтіреді. Жеңіл су ДНК-ны құтқарады», - деп ғалым суды күнделікті жеткілікті мөлшерде ішуге кеңес берді.
Айта кетсек, қазір Нұр-Сұлтанда жеңіл судың адам өмірінің сапасына әсері туралы еліміздегі алғашқы зерттеуге байланысты конференция өтіп жатыр.
18 қыркүйек 2019 ж. 415 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области