Қармақшыда Президенттік жастар кадрлық резерві жобасы түсіндірілді
Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында Қазақстан Республикасы қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлері мен кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшыларының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесуді Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Әділ Қошалақов жүргізіп отырды.
Қазақстан Республикасы қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Ержан Қарымсақов, департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ғалымжан Ілкібаевтың мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік қызмет көрсету және оны алудың мониторингіне тоқталып, хабарламасы тыңдалды.
Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді түсіндіру бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облыстық филиалының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Ақзада Мадалиева баяндама жасады.
Сонымен бірге кездесуде «Президенттік жастар кадрлық резервін» қалыптастыру мақсатында үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап іріктеу жұмыстары басталғанын, жобаның мақсаты мен талаптары түсіндірілді.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.