Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралдағы балықтың жаппай қырылу себебі анықталды

Аралдағы балықтың жаппай қырылу себебі анықталды

Kyzylorda-news.kz. Арал ауданы, Қамыстыбас көлінің солтүстік батыс беткейінде орналасқан «Тоқпай» қашқын суында балық шабақтарының не себепті қырылып қалғаны анықталды.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясыныңбасшысы Ғалымжан Орақбаев пен облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Асылбек Шәменов хабарлады.
Шабақтардың қырылып қалуына ауа-райының күрт өзгеруі себеп болған. Яғни «термоклин» жағдайы туындап, су құрамындағы оттегі құрамының мөлшері өзгергендіктен шабақтар қырылып қалған. Сараптама қорытындысын жүргізген мамандар бұл соңғы 5 жыл ішінде тіркелмеген жағдай дейді.
«Қазіргі таңда балық шабақтарының қырылу деректеріне жол бермеу мақсатында балық қырылу дерегі орын алған жерге жақын орналасқан учаскелердің табиғат пайдаланушылары қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарын жүргізіп, өздеріне бекітілген су айдындарына жіберу шаралары ұйымдастырылды», - дейді инспекция басшысы Ғалымжан Орақбаев.
23 қыркүйек 2019 ж. 377 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области