Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сыр бүлдіршіндері Құран Кәрімді жатқа оқудан жарысты

Сыр бүлдіршіндері Құран Кәрімді жатқа оқудан жарысты

Kyzylorda-news.kz. ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен 3-10 жас аралығындағы бүлдіршіндер арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан жарыс өтті.

Қалалық «Мүсірәлі ата» мешітінде ұйымдастырылған шараның ашылуында аталған мешіттің Бас имамы А.Ақбаев сөз сөйлеп, Құран Кәрімнің қасиеті жайында насихат айтты.
«Еркін Құран жарысы» жобасына 40-қа жуық балақай қатысып, өзара бақ сынасты. Сайыста төрелік еткен облыстық «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Л.Сыдықова, қалалық «Айтбай» мешітінің ұстазы М.Файзуллина, «Құддыс Ишан» мешітінің ұстазы Н.Сейтбенбетовалардың бағалаулары бойынша бас жүлдені 6 жасар Әбунасыр Ермекбай жеңіп алды. I орын 9 жасар Диана Жалғасқанқызы мен Аружан Дүйсеналиеваларға бұйырды. II орынды 6 жасар Ибраһим Абылай мен 7 жасар Фариза Толыбай иемденді. Ал, III орынды – 9 жасар Дулат Баймұрзаев пен Шадияр Әбілхайыр қанжығаларына байлады.
Сонымен қатар, «Ең жас балақай» номинациясымен 3 жасар Мұхаммедали Оңғарбай, 4 жасар Қоңысбай Әли, «Әсем дауыс» номинациясымен 8 жасар Диляра Мұхамеджанова, «Махражбен көркем оқу» номинациясымен 9 жасар Әмина Ахметовалар марапатталды.
Жүлдегерлер қаржылай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, өзге қатысушыларға да ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
23 қыркүйек 2019 ж. 401 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области