Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сыр ғалымдарының жаңа зерттеулері америкалық журналда жарық көрді

Сыр ғалымдарының жаңа зерттеулері америкалық журналда жарық көрді

Kyzylorda-news.kz. Беделді америкалық «PSYCHOLOGY AND EDUCATION» журналының жазғы нөмірінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің докторанты Б.Паридинова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Ш.Майгельдиева және Қызылорда «Болашақ» университенің профессоры, саяси ғылымдарының кандидаты М.Насимовтың «Болашақ мұғалімдердің рухани дүниетанымын дамыту: негізгі түсініктері, мәні және мәселелері» атты мақалалары жарық көрді.

Берілген зерттеу жұмысында болашақ мұғалімдердің рухани дүниетанымын дамытудың негізгі түсініктері, мәні мен мәселелері қарастырылған. Осы мәселеге қатысты шетелдік ғалымдар мен ойшылдардың кейбір тұжырымдамалық идеялары сарапталды. Қазіргі қоғамдағы болашақ мұғалімдердің рухани дүниетанымын дамытудың рөлі дәйектелді.
«PSYCHOLOGY AND EDUCATION» - психология мен білім берудің жалпы салалары бойынша іргелі зерттеулер, теориялары, әдістері мен тәжірибелеріне арналған рецензияланатын журнал болып табылады. Журнал 1963 жылдан бастап жарық көреді. Журнал тек Скопус базасында индекстеліп қана қоймай, PsycINFO, American Psychological Association (APA), Sage Publications және psychologyandeducation.net базаларында индекстеледі. Бұл берілген материалмен әлемнің көптеген ғалымдары таныса алады деген сөз. Журнал жылына өз беттеріндегі жарияланымдарды 27 мақаладан асырмайды. Баспагерлердің біздің ғалымдардың еңбегін таңдауы Сыр ғалымдарының үлкен жетістігі деп түсінеміз. Журналдағы берілген жарияланым соңғы 10 жылдағы қазақстандық авторлардың бірінші мақаласы екендігін айта кеткеніміз жөн. Зерттеу Б.Ж.Паридинованың «Болашақ мұғалімдердің рухани дүниетанымын тұлғалық-бағдарлық оқыту арқылы дамыту» докторлық диссертациясы шеңберінде жүргізілді.

24 қыркүйек 2019 ж. 302 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области