Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 25 қыркүйек: Атаулы күндер мен оқиғалар

25 қыркүйек: Атаулы күндер мен оқиғалар

Францияда харкиге алғыс білдірудің ұлттық күні
2001 жылы
бекітілген. Харки - 1954-1962 жылдары Алжирдегі қақтығыс кезінде француздар жағында соғысқан алжирлік мұсылман-сарбаздар. Кейіннен Францияны жақтаған барлық мұсылман алжирліктерді осылай атаған.

1928 жылы
Қызылордада «Ленинская смена» атты жастар газетінің (қазіргі «Экспресс-К» республикалық газеті) алғашқы саны жарық көрді.

1937 жылы Алматыда қалалық хайуанаттар бағы ашылды.
Бүгінгі күні хайуанаттар бағында 3 мыңнан астам жануар мен құстардың 500 түрі бар. Ол қала қонақтары мен тұрғындарының демалатын және көз тартатын орындарының біріне айналды.

1947 жылы Өскемен мырыш зауыты іске қосылды.

2005 жылы Шымкент археологтары Оңтүстік Қазақстанның Ордабасы ауданында көне жазба ескерткіштерінің бөлшектерін тапты.
Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жәдігерлер біздің дәуіріміздегі І-VI ғасырлардан жетіп отыр. Сол дәуірде Ежелгі Шығыс мемлекеттерінде қыш тақталарға жазу тәсілі кеңінен тараған. «Мирас» университетінің археологиялық отряды күйдірілген қыш тақтасын Арыс өзені алқабында орналасқан Қылымжар деген жердегі көне қоныстан тапты. Табылған қыш тақтада төрт қатар етіп жазылған 15 таңба анық көрінеді.
25 қыркүйек 2019 ж. 316 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области