20 ақпан:оқиғалар мен атаулы күндер
1932 жылы Шығыс Қазақстан облысы құрылып, орталығы Семей қаласы болды (бүгінгі таңда облыс орталығы - Өскемен қаласы). Облыс құрамына 21 аудан кірді. 20 жыл бұрын (1993) Алматыда «Түрік бірлігі» атты газеттің алғашқы саны жарық көрді.
1986 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Мир» орбиталық ғарыш стансасы ұшырылды, ол күрделі көп мақсатты ғылыми-зерттеу кешені болып табылады. 1986 жылы ақпанның 20-сында кешен орбитаға шығарылды.
1993 жылы Алматыдағы Достық үйінде Қазақ-иран достығы халықаралық ұйымының салтанатты ашылуы болды.
2005 жылы «Қазпошта» акционерлік қоғамының Германия Федеративтік Республикасының Фульда қаласында тіркеген өкілдігінің ресми ашылу салтанаты болды. Бұл әзірге «Қазпошта» АҚ-ның алыс шетелдерде ашып отырған алғашқы өкілдіктерінің бірі.
2007 жылы танымал ақын Ақұштап Бақтыгерееваға Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атағы берілді.
2008 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Американ мәдениетінің орталығы ашылды. Жобаның мақсаты - оқырмандарды АҚШ мәдениетінен хабар беретін кітаптармен, мерзімінді басылымдармен, теледидар бағдарламаларымен және интернетпен қамтамасыз ету. Сондай-ақ, осы елдің мәдениет қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырылып, арнайы дәрістер мен тренингтер өткізіліп тұратын болады. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында әлем халықтарының 50-ден астам тілінде жазылған кітаптардың бай қоры бар. Ағылшын тіліндегі әдебиеттердің саны 100 мың данадан асады.
2013 жылы Қазақстанда республика жастар ұйымдарын дамыту стратегиясының жобасы әзірленді.
2014 жылы Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлемнің вице-чемпионы Денис Тен елдің спорттық басшылығымен бірге Сочидегі Олимпиада саябағының бас медиаорталығында Алматының 2022 жылы өтетін қысқы Олипиаданы өткізу құқығына ие болу өтінімін таныстырды.
2014 жылы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында қазақ фольклорының «Бабалар сөзі» атты 100 томдық жинағының тұсаукесері өтті.