Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында «Ауыл – ел бесігі» арқылы 21 жоба жүзеге асырыла бастады

Қызылорда облысында «Ауыл – ел бесігі» арқылы 21 жоба жүзеге асырыла бастады

Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда облысында «Ауыл – ел бесігі» жобасы арқылы республикалық бюджеттен бөлінген 1,7 миллиард теңгеге 21 жоба жүзеге асырыла бастады.

Оның ішінде білім, денсаулық және мәдени нысандарды күрделі жөндеуден өткізу қарастырылған. Ал келесі жылы аталған жоба аясында 4 елді мекеннің тұрмысын жақсартуға бағытталған 57 жоба жүзеге асырылмақ. Соның бірі Шиелі ауданындағы Ақмая ауылы. Мұндағы осыдан 36 жыл бұрын салынған мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Оқу ошағының есік-терезесі тозып, спорт залының қабырғасына сызат түскен. Ауыз су құбырлары да істен шығыпты.
«Оқу-тәрбие жұмысына ешқандай күрделі жөндеу жұмысына байланысты кедергі келіп тұрған жоқ. Бірақ дегенмен енді жөндеу жұмыстарының бағыты, сылақтары түскен, едені тозған, есік-терезелері бұрынғы ағаш күйінде сақталған, әйнектері шытынаған», - дейді мектеп директоры Марал Ахметов.
«Енді әлеуметтік салаға 6 жобаға 442 млн теңге, көшені жарықтандыруға 5 жобаға 98 млн теңге, көлік инфрақұрылымына 45 жобаға 957 млн теңге, денсаулық сақтау бойынша 1 жобаға 114 млн теңгені біз құжаттарын әзірлеп, министрлікке тапсырғалы жатырмыз», - дейді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Нұрасылова.
24 қыркүйек 2019 ж. 360 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области