Қызылордада жұмыссыз азаматтар үшін қысқа мерзімді оқу курстары өтеді
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасын іске асыру аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарын үйлестіруде.
Осы орайда, өңірдегі жұмыссыз азаматтар мен азаматшаларды оқу өндірістік орындары - тәрбиешінің көмекшісі мен жалюз құрастырушы мамандықтарын - 2 ай, маникюр-педикюр шебері мен визажист мамандықтарын – 1 ай мерзімге шәкіртақы бере отырып оқытады. Олардың одан әрі қаржылай гранттар алуға, тұрақты жұмыспен қамтылыуына мүмкіндіктері болады.
Оқу курстарына қызығушылық танытқан және қосымша ақпарат алғысы келетін қала тұрғындары Қ.Қазантаев көшесі, №43 ғимаратта орналасқан қалалық жұмыспен қамту орталығына жолығуға немесе жұмыс күндері күнделікті + 7 (7242) 270306, 26-36-91 телефондарына хабарласа алады.