Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Ашық бюджеттің интерактивті картасы» енгізілді

Қызылордада «Ашық бюджеттің интерактивті картасы» енгізілді

Kyzylorda-news.kz. Сыбайлас жемқорлықтың алдын - алу мақсатында облыстың 702 мекемесінің «Ашық бюджеттің интерактивті картасы» жасалды. Нәтижесінде кез-келген азамат өзіне қажетті мекемелердің бюджетін көріп, оның қандай бағытта жұмсалғанын көре алатын болады.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бахытжан Ниязов баяндады.
"Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын анықтау және жою мақсатында 6 мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін 53 фактор анықталып, оның 45-сі жойылды" - деді Бахытжан Ниязов.
Сонымен қатар, агенттік жанынан арнайы мониторингтік топ құрылып, бірнеше сала бойынша анықтау шараларын жүргізген. Олардың қатарында: автомобиль жолдардың жай-күйіне, жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасына, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды қалыптастыру, атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің негізі, жалпы білім беретін мектептердің оқушыларына қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінген бюджет қаражатын пайдалану, базарларда және жәрмеңкелерде ауыл шаруашылығы өнімдеріне, мал көмінділеріне байланысты мониторинг жүргізіліп, қорытындысы облыс әкімі аппаратына ұсынылды.
26 қыркүйек 2019 ж. 400 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области