Жаңбыр, қар, тұман, жел - дүйсенбіге арналған ауа райы
«30 қыркүйекте Қазақстанның шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтары арқылы атмосфералық ағындар өтеді, осыған байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстік-шығыста түнде және таңертең кей жерлерде қатты нөсер жауады, қалған өңірлерде күн райы ашық болуы ықтимал. Кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі, жел 15-22 м/с күшейеді, шығыста кей жерлерде – көктайғақ болады», делінген болжамда.
Түркістан облысының кей жерлерінде - тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде найзағай жарқылдайды.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы және Жамбыл облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, Алматы облысының кей жерлерінде найзағай кезінде жел 17-22 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Қарағанды облыстарның кей жерлерінде тұман күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.
Түркістан облысында, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Жамбыл облысының батыс бөлігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.