2 қазан: Атаулы күндер мен оқиғалар
БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан 2007 жылғы 27 маусымда (БҰҰ A/RES/61/271 қарары) белгіленді. 2007 жылдан бастап жыл сайын 2 қазанда күш қолданбау философиясының негізін қалаушы Махатма Гандидің туған күнінде атап өтіледі.
Осы халықаралық күннің мақсаты, Бас Ассамблеяның қарарында айтылғанындай, бейбітшілік, төзімділік, түсіністік және күш қолданбау мәдениетін бекітуге қол жеткізу. Қарар барша адамды осы күнді тойлауға шақырады.
Халықаралық әлеуметтік педагог күні
2009 жылдың мамыр айында Копенгагенде әлеуметтік педагогтардың XVII Халықаралық конференциясы болып өтті. Бұл шараға 44 елдің өкілдері қатысты. Конференция барысында барлық әлеуметтік педагогтардың халықаралық мерекесін бекіту шешімі қабылданды.
1980 жылы Целиноград қаласында (қазіргі Астана) тың және тыңайған жерлерді игерудің 25 жылдығына орай Қазіргі заманғы өнер музейі ашылды. Алғашқы 500 шығармалар топтамасын Алматы қаласында өткен «Жер және адам» атты Бүкілодақтық көрме сыйға тартты. Бүгінгі таңда, музейде Қазақстан, Ресей және ТМД елдері шеберлерінің 3 000-нан астам өнер туындылары бар.
1982 жылы Нұрғиса Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестр құрылды. Оркестр ғасырлар бойы баға жетпес мәдени мұра боп келе жатқан қазақ ұлттық музыкалық аспаптарының бай қорымен танысу мүмкіндігін береді.
«Отырар сазы» оркестрінде домбыра мен қобыздан тыс жетіген, шертер, шаңқобыз, месқобыз, сырнай, сазсырнай, сыбызғы, сондай-ақ асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау, қайрақ сияқты соқпалы аспаптардың дауысынан сусындауға болады.
1991 жылы ғарышқа ұшпай тұрып-ақ, Кеңес Одағының Батыры атанған жерлесіміз, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров КСРО ғарышкер-ұшқышы Александр Волков, Австрия Республикасының азаматы Франц Фибек үшеуі «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Сонымен қатар осы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Байқоңыр ғарыш айлағынан республиканың Ұлттық аэроғарыштық агенттігін құру туралы жария етті.
1992 жылы ТМД-да жаңа үлгідегі алғашқы жоғары оқу орны - Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институты ашылды.
1993 жылы Алматыда «Қазақстан халықтарының бірлігі» одағының І съезі өтті.