Қызылордада нан бағасы қымбаттады
Kyzylorda-news.kz. 1 қазанынан бастап облыс орталығында 1-сортты бөлке нан бағасы 60 теңгеден 65 теңгеге көтерілді. Бұл жөнінде бүгінгі брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Қ.Мүбараков хабарлады.
Жыл басынан бері астық өсіруші солтүстік өңірлерде астық бағасының қымбаттауынан бірінші сортты бидай ұнынан жасалған нан бағасы 4,2% жоғарылады. Сондай-ақ, экспорт үлесінің ұлғаюы нан бағасының қымбаттауына әкелуі болжануда.
Сонымен қатар, биыл астық өсіруші өңірлерде құрғақшылық салдарынан бидай бітік шықпауы, астық көлемінің 15 пайызға азаюна әкелді. Бұл жөнінде ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров өткізген брифингте хабарлаған болатын.
2019 жылға инфляция дәлізі 4-6% жоспарланған болса, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы, оның ішінде нан бағасының үлесі инфляция деңгейіне әсер етуші негізгі факторлардың бірі болып саналады.
Жыл басынан бері өңірлік тұрақтандыру қорына 2700 тонна ұн көлемі сатып алынып, әлеуметтік нан пісіретін наубайханаларға төмен бағада берілуде, атқарылған шаралар нәтижесінде облыс нан бағасының ең арзан өңірлер қатарында СҚО мен Тараздан кейін үшінші орынға ие болып отыр. Облыс бойынша І-ші сортты нан бөлкесі 60 теңгеден, килограмы – 123 теңге (ҚР бойынша – 137,3 теңге) болып бүгінгі күнге дейін сақталып келді.
Қазіргі уақытта осындай жағдай республиканың барлық өңірлеріне орын алып отыр, нанның киллограмы 10 теңгеге қымбаттаған жағдайда біздің облыс республика көлемінде нан бағасы ен арзан өңірлердің деңгейде қалатын болады.
Облыс астық өндіруші өңірлердің қатарына жатпайтындығын ескере отырып, қалыптасқан жағдайды оңтайлы шешу үшін тұрақтандыру қоры арқылы астықты қайта өңдеуші кәсіпорындармен облыс наубайханаларын арзандатылған ұнмен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда.