Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық оқушылар Шиелі ауданында қазақ дәстүрімен танысты

Қызылордалық оқушылар Шиелі ауданында қазақ дәстүрімен танысты

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жас ұрпақты қазақтың көне дәстүрімен таныстыру мақсатында арнайы жоба жүзеге асып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл игілікті шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында қолға алынып отыр.
Сыр өңірінде «Village life» жобасы жүзеге асырылып келді. Осы орайда Қызылорда қаласындағы №212 мектеп-гимназиясының үздік оқушылары Шиелі ауданына сапар шегіп қайтты. Жас өрендер алдымен Шиелі ауданы Ы.Жақаев ауылында қазақы өмірдің тыныс-тіршілігімен танысты. Ауылдың құрметті ақсақалы Нұрлан Махмұтұлының шаңырағында болып, жылқы шаруашылығымен танысты.
Музей қызметкерлері киіз үйдің сүйектері мен жабдықтары туралы, қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы танымды экскурсия жүргізіп, тарихи деректер келтірді. Жоба аясында оқушылар күбі пісіп, май алу технологиясымен танысты. Диірмен тартып, одан талқан алды. Қолөнершілер шеберлік сағатын көрсетіп, оқушылар нәтижесінде ши, кілем тоқыды.
Оқушылар одан кейін Шиелі аудандық тарихи-өлкетану, Ы.Жақаевтың күріш өсіру тарихы және Н.Бекежановтың мемориалдық өнер музейлерінің экспозициясымен танысты. Жылқы, сиыр, қой шаруашылығының қыр-сырымен танысып, бие саууды тамашалады. Мал төлінің күтіміне байланысты ырым-тыйымдар туралы танымды әңгімелер тыңдап, тағылымды ой түйді.
09 қазан 2019 ж. 303 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области