БОЛАШАҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН БАЙЫПТЫ БАЙЛАМ
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – келешекке айқын бағыт сілтейтін құнды құжат, болашаққа бағытталған байыпты байлам. Елбасы мақаласында айтылған «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері», «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы», «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде», «Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобалары бойынша облыс көлемінде ауқымды жоспар әзірленіп, жүйелі жұмыстар қолға алынды.
Осы орайда Шиелі ауданында да аталған бағдарлама аясында бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ, биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында аудан көлемінде 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 36 жоба жүзеге асырылды.
Енді «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталайық.
Өткен 2017 жылы Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі ашылып, құнды кітаптарды, картиналарды, тарихи құжаттарды, материалдық мәдени заттарды ерікті түрде табыстау бойынша акциялар өткізіліп, тарихи мәліметтермен көне жәдігерлер жинақталуда. Музейде өлкенің тарихынан сыр шертетін 1 мың 500-ге жуық экспонаттар қойылған.
Аудандық тарихи-өлкетану музейі ғимаратына қосымша құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық бюджеттен 3 млн. 600 теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда жоба сметалық құжаттары әзірленуде.
Шиелі ауданының тарихи-өлкетану музейінде Қызылорда облысының тарихи-өлкетану мұражайының көшпелі күндері (30 күн) өткізілді. Мұражайға 30 мыңға жуық келушілер тіркеліп, жаңа экспозициялармен танысты.
Өлкетану мұражайына Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» экспозициясы қойылып, оны тамашалауға 56 мың адам келді.
Ауданда «Кешегі күн – бүгінгі тарих, келешекке аманат» атты іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара аясында музей қорында жинақталған құнды экспонаттардан «Туған өңір тумалары» тақырыбында көрме қойылды. Көрмеде 30 жылдан астам уақыт сақталып келген Социалистік Еңбек Ерлерінің бюстері, халықтың ХІХ, ХХ ғасырларда тұтынған тұрмыстық заттары, зергерлік бұйымдар орналастырылды.
Жергілікті жерлердегі дауларды сотқа дейін жеткізбеу мақсатында облыстық деңгейде жаңа жоба жүзеге асырылып, Шиелі ауданында «Құқықтық қызметтер көрсету орталығы» ашылды.
Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінде қазақ эстрадасында өзіндік орны бар, ақын, сазгер, әнші Әл-Фараби Бекарысұлымен «Туған жерде өркен жайсын өнерім» атты кездесу кеші өткізілді.
Ж.БАЙМҰРАТОВА,
Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы