Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МӘҢГІЛІК ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

МӘҢГІЛІК ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ


Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы – келешекке айқын бағыт сілтейтін құнды құжат. Қазіргі жаһандану заманында әрбір ұлттың өзінің ұлттық рухани болмысын іздеуі – заңдылық.
Аталған мақаланы қоғам өкілдері, жалпы қалың бұқара жылы қабылдағанын айта кеткен абзал. Онда Елбасы қазіргі қоғам талабына сай ел болашағына бағытталған айқын басымдықтарды атап көрсетті.
Мақалада айтылған «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері», «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы», «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде», «Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобалары бойынша облыс көлемінде ауқымды жоспар әзірленіп, жүйелі жұмыстар қолға алынғанынан қалың оқырман хабардар деп санаймын.
Шиелі ауданында бағдарлама аясында алғашқы жартыжылдықта 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 36 жоба жүзеге асырылды. Соның бірі – «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы аясында жалпыұлттық маңызға ие болған нысандар қатарында Оқшы ата кесенесі енгізілген. Оқшы ата кесенесі – көне заманнан бері келе жатқан тарихи құндылықтардың бірі. Көлемі жағынан шағын. Архитектурасы ІX-X ғасырдан басталады.
Жеті әулие жатқан киелі мекенде атағы қалың елге мәшһүр болған шешен, датқа Досбол би кесенесі қайта жаңғырудан өтіп, «Оқшы ата» мазаратына автокөлікпен Бәйгеқұм ауылы арқылы баратын жол салу және автотұрақты қайта жаңғыртудан өткізіп, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, аудан аумағындағы «Сауысқандық» шатқалын игеру жұмыстары атқарылуда. «Сауысқандық» шатқалы «Шиелі-Тайқоңыр» технологиялық автомобиль жолы бойынан 800 метр қашықтықта орналасқан. Бәйгеқұм елді мекеніндегі «Ханқожа» көлін жазғы демалыс жағажайы ретінде туризм саласы маршруттарына қосуға ұсыныс жасалды.
Нақты кезеңде Шиелі ауданы «Қаратау» бөктеріндегі (Дарбаза, Егеулі әулие, Қос көл, Майшы, Сауысқандық, Қара шоқы, Қызыл жар, Күркіреуік, Жылауық тас, Ақ бұлақ және тағы басқа) белгіленген демалыс орындарының нақты санын анықтап, картасын жасау жұмыстары жүргізілуде.
Өңірлік мәні басым «Тәрбие және ғылым». «Рухани қазына», «Атамекен», «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламалары негізінде дайындалған «Жол картасына» сәйкес 12 жоба жүзеге асырылды.
«Тәрбие және білім», сондай-ақ «Атамекен» кіші бағдарламалары бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Ж.БАЙМҰРАТОВА,
Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
10 қыркүйек 2018 ж. 945 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области