Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шиеліде ұлттық өнерді ұлықтаған мәдени шара өтті (ФОТО)

Шиеліде ұлттық өнерді ұлықтаған мәдени шара өтті (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданында «Этноауыл - 2019» мәдени ұлттық шарасының аясында «Өткенін ұлықтаған, дәстүрін ұмытпаған - Шиелі» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді.

Мәдени шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Онда ұлттық өнерді дәріптеген көптеген мәдени шаралар ұйымдастырылды.
Аудан орталығында өткен мәдени шарада киіз үй тігіліп, ұлттық ойындар ойнатылды. Сонымен қатар қазақтың ұлттық тағамдары дайындалып, шараға жиналған халық дастарханнан дәм татты.
Аудан жастары алтыбақан ойнап, әуелетіп ән салды. Аудан бишілері мың бұрала би билесе, күйшілер күмбірлете күй төкті. Сондай-ақ аудан тұрғындары қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін қызықты қойылымның куәсі болды.
Шара барысында ұлттық өнерді ұлықталып, қазақ халқының бейнесін аша түсетін қолөнер бұйымдары мен рухани байытатын кітаптардан көрме ұйымдастырылды.






22 тамыз 2019 ж. 473 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области