Қызылордада күйшілер байқауы өтті
Kyzylorda-news.kz. Қызылордада А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде«Ғасырлар пернесі» атты облыстық күйшілер байқауы өтті.
Байқау дәулескер күйші Әлшекей Бектібайұлы, Құрақтың Досжаны және Шал Мырзаның күйлерін насихаттауға мақсатында ұйымдастырылды.
Шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында және Жастар жылы мен ұлттық домбыра күніне орай өткізілді.
Аталған шара барысында Қармақшы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласынан барлығы 8 өнерпаз қатысып, күмбірлете күй төкті. Байқауға қатысушы өнерпаздар Сыр еліндегі күй өнерінің озық үлгісін көрсетті.
Мәдени шарада ертеде күмбірлете күй төккен Әлшекей Бектібайұлы, Құрақтың Досжаны, Шал Мырза шығармаларынан өзге, Жалдыбай, Жантөре күйшілердің және Арқа, Маңғыстау, Қаратау өңірлерінің күй қазынасы көрермен назарына ұсынылды.
Қазылар алқасының шешімімен байқауда Сәбит Дідебаев бірінші орынға ие болды. Ал одан кейінгі орындарды Данияр Совет, Мұхамеддин Көшербай мен Олжас Нариманов жеңіп алды.